Компания туралы

«ИСКРОЛАЙН» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ

Заманауи атомдық-эмиссиялық спектрометрлерді әзірлеу және өндіру

«ИСКРОЛАЙН» компаниялар тобы 2010 жылы түрлі оптикалық электрондық құралдарды, соның ішінде разрядтардың түрлі типтерінің (ұшқынды, доғалы, ВЧ және СВЧ және лазерлік) негізінде спектрлерді қоздыру көздерімен оптикалық эмиссиялық спектрометрлерді әзірлеу, өндіру мақсатында құрылды.

Топтың қызметінен 3 негізгі бағытты атап көрсетуге болады:

  • өз мақсаттары мен тапсырыстары үшін ғылыми зертеулер мен ОКР;
  • спектрометрлердің негізгі блоктарын өндіру, соның ішінде:
    • спектрлерді қоздыру көздерін,
    • спектрографтарды,
    • тіркеу жүйелерін,
    • басқару және бағдарламалық-талдамалы қамсыздандыру жүйелерін.
  • түрлі типтердегі спектрометрлерді өндіру, жылжыту, сату және сервис.

«ИСКРОЛАЙН» компаниялар тобының мамандары жоғары біліктілікке ие. Көпшілігі оптикалық және спектрлік құралжасау, импульстік күштік электроника (ВЧ және СВЧ ауқымдарын қоса алғанда) және микроэлектроника, бағдарламалау, құрылымдау, менеджмент, логистика және өндірісті ұйымдастыру, маркетинг, қаржы және экономика секілді салаларда 10-20 жыл бойы сәтті және нәтижелі жұмыс атқаруда.

ка и вывод на рынок новых наукоемких приборов, которые облегчат и/или удешевят многие технические процессы наших заказчиков.

Біздің негізгі мақсатымыз – заманауи және жоғары технологиялық спектрометрлерді өндіру, сату және қызмет көрсету, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отыру. Сонымен бірге біздің тапсырыс берушілердің көптеген техникалық процестерін жеңілдететін және арзандататын жаңа ғылымды қажетсінетін құралдарды әзірлеу және нарыққа шығару.

Искролайн компаниясы 10 жылдан аса уақыт бойы Ресейдің түрлі кәсіпорындары мен коммерциялық фирмаларымен бірлесіп қызмет атқаруда. Барлық осы жылдары біз біздің құралдардың және олардың қолданылу мүмкіншіліктерін аяқтаумен, жақсартумен және кеңейтумен тұрақты айналысып келеміз. Ресей өнеркәсібіндегі түрлі салалармен тығыз өзара әрекеттесу бізге спектрометрлердің техникалық/пайдаланушылық бірегей сипаттамаларын құруға мүмкіндік берді. Оларды пайдалану бойынша оң пікірлер осыған дәлел бола алады.

Біз Ресейдің және жақын шетелдің барлық аймақтарын қамтушы өсіп келе жатқан компаниямыз. Біздің аймақтық өкілдер сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге және сізге ең үздік шешімді ұсынуға әрдайым дайын.

Искролайн әлемнің картасында

Біз 250-ден аса кәсіпорындарға күрдел міндеттерді шешуге көмектестік.
Бізге кеңес алуға, көмекке және спектрометрді сатып алу үшін жүгініңіз.

+7 812 318-44-20

     +7 812 924-12-58

БІЗДІҢ СПЕКТРОМЕТРЛЕР КЕЛЕСІ САЛАЛАРДА ҚОЛДАНЫЛУДА:

Қара және түсті металлургияда

Балқымаларды бақылау және дайын өнімді сертификатталған бақылау үшін қорытпалардың химиялық құрамына жедел талдау.

Екіншілік металлургияда

Қара және түсті металл сынықтарын іріктеу.
Балқымаларды бақылау және дайын өнімді сертификатталған бақылау үшін химиялық құрамына жедел талдау.

Құю өнеркәсібінде

Кіріс бақылау (қорытпаның таңбаларын анықтау және растау), балқымаларды бақылау және дайын өнімді шығыс бақылау, сертификатталған бақылау.

Металлөңдеуде, машинажасау құрылысында және басқаларда

Сатып алынушы материалдардың таңбаларын анықтау және растау, өндірісте металға кіріс бақылау.

Күрделі, таза материалдарды бақылау үшін

Таза және аса таза металдарға (таза мыс, алюминий, қорғасындар және т.б.) сандық талдауы, күрделі және аса күрделі қорытпалардың химиялық құрамын анықтау.

Зерттеушілік зертханаларда

0.007 нм басталатын спектрлік рұқсат. Құралдар барлық спектрлік жарияланған ауқымды аралықтарсыз шешеді.